Алматы облысында жеті адам - бір отбасы түгел жоғалып кетті

Бір отбасы жоғалып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.01.2023 17:17 Сурет: pixabay
2 қаңтарда Еңбекшіқазақ ауданында, Шелек ауылынан 80 шақырым жердегі таулы аймақтағы Бортоғай су қоймасында жеті адамнан тұратын отбасы жоғалып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"3 қаңтарда сағат 08:00-де Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің пультіне Еңбекшіқазақ ауданында 80 шақырым жерде 7 адамнан тұратын отбасы (төрт ер, екі әйел және бір бала) жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Таулы аймақтағы Бортоғай су қоймасындағы Шелек ауылы 2 қаңтарда екі жеңіл көлікпен Алматыдан Асы қыратына қарай шығып, үйіне қайтып оралмаған".ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі


Жоғалған адамдарды Төтенше жағдайлар департаменті, Республикалық жедел-құтқару жасағы, жергілікті атқарушы органдар мен аудандық ішкі істер бөлімі іздеп жатыр. Іздестіруге дрон да қолданылып жатыр.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: