Шымкентте жаңа жыл қарсаңында жасөспірім жоғалып кетті

Шымкентте жасөспірім қыз жоғалып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.01.2023 15:03 Сурет: Zakon.kz
15 жастағы Әнел Сағидуллаева 30 желтоқсан күні Шымкенттегі үйінен шығып, оралмаған. Жоғалған баланы іздеуге қалалық полиция басқармасының жеке құрамы жұмылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хабарламадағы мәлімет бойынша, Әнел сағат 15:00 шамасында үйден белгісіз бағытта шығып кеткен.

"Бойы 160-165 см, дене бітімі орташа. Шашы ұзын, қара. Үстіне сұр-қара күрте киген. Аяғында қара спорттық шалбар".Шымкент қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметі

"Кімде-кім қызды көрсе немесе қандай да бір мәлімет білсе, 102 телефоны арқылы полицияға хабарласуын сұраймыз", - деді департаменттегілер.


3 қаңтарда Алматы облысының таулы аймағында 7 адамнан тұратын отбасының (төрт ер адам, екі әйел және бір бала) жоғалғаны хабарланды. Олар табылды.



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: