Жаңалықтар тізбегі
0

ҚТЖ кейбір пойыздардың белгіленген уақытынан кешігетінін ескертті

Жолаушылар пойызы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.01.2023 18:47 Сурет: pexels
Ұлттық тасымалдаушы компания ауа райының қолайсыздығына байланысты қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін теміржол учаскелерінде қозғалыс жылдамдығына шектеулер қойылғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осыған байланысты келесі жолаушылар пойыздары кестедегі уақыттан сәл кешігіп қозғалады:

- №3/4 және № 9/10 "Астана – Алматы",

- №45/46 "Павлодар – Түркістан",

- №51/52 "Алматы – Орал",

- №65/66 "Астана – Жезқазған",

- №71/72 және № 86/85 "Астана – Шымкент",

- №73/74 "Алматы – Жезқазған",

- №105/106 "Алматы – Петропавл".

Компания жолаушылар пойыздарының белгіленген қозғалыс кестесін қалпына келтіру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда.

- Вокзалдарда жолаушылар пойыздарының кешігуі туралы хабарлау жүргізіледі. 1433 анықтама қызметі арқылы күн сайын және тәулік бойы ақпарат беріледі. Пойыз 3 сағаттан артық кешіктірілген кезде оның кешігуі және жол жүру шарттарының өзгеруі туралы "SMS-хабарлама" жіберіледі.

+7 (707) 270-36-64 (WhatsApp) нөмірі бойынша жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару мәселелері бойынша ақпараттық қолдау көрсетіледі, пойыз кешіккен әрбір сағат үшін жол жүру құжаты (билет) құнының үш пайызы мөлшерінде айыппұл төленеді.

- Пойыз 6 сағаттан артық кешіксе, мейрамхана вагондарында тегін тамақ беріледі. Вокзалдарда тамақтану пункттерінің, сауда нүктелерінің, санитарлық аймақтардың (дәретханалардың) үздіксіз жұмысын бақылау қамтамасыз етіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: