Камчаткадағы Шивелуч жанартауынан атқылаған күлдің биіктігі 7,5 мың метрге жетті

Камчатка, Шивелуч жанартауы, жанартау, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2023 09:16 Сурет: pixabay
Бейсенбі күні Камчатканың солтүстігіндегі белсенді жанартау биіктігі 7,5 мың метр болатын күл атқылады. Күл оңтүстік-батыс бағытында түбектің ішіне қарай таралып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС агенттігінің мәлімдеуінше, күл тарап жатқан бағытта елді мекендер жоқ.

Сондай-ақ күл басқан елді мекен тіркелген жоқ, жанартау аймағында туристік топтар да жоқ.

Ресейлік БАҚ Камчаткада 1 қаңтарда Шивелуч жанартауы оянғанын жазған. Ол кезде атқылаған күлдің биіктігі 5,5 шақырым болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: