Бортоғай су қоймасындағы қар үйіндісінде қалған 12 жүргізуші эвакуацияланды
Cурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
2023 жылғы 5 қаңтарда сағат 21:45-де Бортоғай су қоймасындағы қар құрсауында қалған адамның бәрі эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарына қарағанда, бүгін сағат 09:00-де қар құрсауында 12 жүргізуші мен 16 автотехника қалған, оның төртеуі сынып қалған.
Қар құрсауында қалған адамдарды мен техниканы эвакуациялауға сағат 09:40-тағы Батанға жетпей 23-25 шақырым аралығында үш рет болған қар көшкіні қиындатқан.
Автожолды "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі және 13-ЖҚБ күштері, Республикалық жедел-құтқару жасағы және Алматы облысы ТЖД қызметкерлері тазартқан.
Туыстары эвакуацияланған адамдарды Түрген экопостындағы жедел штабта күтіп алды.
Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті дауылды ескертулерді елемей және қолайсыз ауа-райында қар басқан учаскелерге бармауды ескертті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

