Шығыс Қазақстанда жолда қалған 12 ресейлік құтқарылды

ШҚО, қар, РФ азаматы, қар құрсауы, құтқарушылар, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2023 09:57 Сурет: ҚР ТЖМ
Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар қар құрсауынан 12 ресейлікті эвакуациялады. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өңірде 15 жол учаскесі әлі ашылмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, ауа райының нашарлауынан  12 адам  "Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы" республикалық маңызы бар автожолда қалып қойған.

"Оларға көмекке ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары аттанды. Ресей Федерациясының 12 азаматы, оның ішінде 2 бала қауіпті аймақтан эвакуацияланды. Олар Шемонаиха қаласының қонақ үйіне орналастырылды".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі


ШҚО ТЖД ауа райы тұрақтанғанша сапардан бас тарта тұруға шақырды.


Тәуекелге бармаңыз және өміріңізге қауіп төндірмеңіз. Аймақта 6 қаңтарда дауыл туралы ескерту жарияланған: түтек боран, көктайғақ.



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: