Екібастұздағы ЖЭО-да штаттан тыс жағдай орын алды
Сурет: Instagram/ete_ekb
Екібастұз қаласындағы ЖЭО-да 2023 жылдың 7 қаңтарында штаттан тыс жағдай орын алды. Бұл туралы "Павлодарэнерго" АҚ Бас директорының міндетін атқарушы Вадим Лесин мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, түнде жылу беру орталығында штаттан тыс жағдай орын алған.
"Қазір үш қазандық агрегаты жұмыс істеп тұр, кезекті қорғаныс амалдарына сай үш қазандықтың жұмысы тоқтатылды. Жөндеуші және технологиялық персоналдың жедел әрекеттерінің арқасында жөндеу жұмыстары тез жүргізіліп, таңертең екі қазандық қондырғысы іске қосылды". Вадим Лесин
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript