Қарағандыда ферроқорытпа зауытында штаттан тыс жағдай болды – зардап шеккендер бар

Ферроқорытпа зауыты, Қарағанды, штаттан тыс жағдай, зардап шеккендер бар, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2024 10:58 Сурет: "YDD Corporation" баспасөз қызметі
2024 жылдың 20 шілдесінде сағат 04:10-да YDD Corporation ферроқорытпа зауытында штаттан тыс жағдай болды. Сегіз жұмысшы әртүрлі дәрежеде жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кәсіпорынның баспасөз қызметі №1 пеште кенеттен жалын шыққанын нақтылайды.

"Қазіргі уақытта зардап шеккен барлық жұмысшы ауруханада, оларға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп жатыр", – деп хабарлады YDD корпорациясы.

Компания зардап шеккендерге барлық көмек көрсетілетінін әрі ауруханамен тұрақты байланыста екендерін де жеткізді. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: