Құтқарушылар көлік иелерінен автомобильді ағаш астына қалдырмауды сұрады

Құтқарушылар көлікті ағаш астына қоймауды сұрады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2023 09:31 Сурет: Zakon.kz
Алматы Төтенше жағдайлар департаменті қалың қарға байланысты көліктерді ағаштың астына қалдырмауды өтініп, көлік иелеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

10 қаңтарда таңертең және күндіз қалада қалың қар жауып, кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болатындықтан құтқарушылар алматылықтарды биік таулы аймақтарда жаяу серуендеуден бас тартып, қауіпсіздік ережесін ұстануға шақырды.

"Жауын-шашын туралы дауылды ескерту негізінде көлік иелеріне автокөліктерді ағаштардың, электр желілерінің және басқа да құрылыстардың астына қоймауға кеңес береміз. Көлікті мүмкіндігінше қауіпсіз орынға, жақсырақ арнайы автотұраққа  қойыңыз", - делінген департамент хабарламасында.

10 қаңтарда еліміздің 8 облысында қатты аяз, қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады.





Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: