Прокурор дәрігер Шумковты өлтірген айыпталушыға 20 жыл жаза сұрады

Прокурор Шумковты өлтірген адамға 20 жыл жаза сұрады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2023 16:15 Сурет: Zakon.kz
Алматыда 10 қаңтар күні гастроэнтеролог Юрий Шумковтың өліміне қатысты іс бойынша өткен сот отырысында прокурор айыпталушыны қатаң режимдегі мекемеде 20 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz

Жәбірленушілер адам өлтіруді басқа адамдардың өміріне қауіпті етіп жасау туралы тармақты алып тастауға байланысты айыпты толық емес деп санайды.

Белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумков 2022 жылы 4 сәуірде Алматыдағы көлік тұрағында кісі қолынан қаза тапты. Кейін полиция қылмыскердің дәрігерге бірнеше рет барған клиенті екенін анықтаған. Дәрігерді өлтіргенге дейін айыпталушымен кездесу туралы Юрий Шумковтың әріптесі де айтты.

22 қарашада Шумковтың жесірі сотта сөз сөйледі. Ол өтемақы ретінде 105 миллион теңге талап етті.

2023 жылдың 4 қаңтарында сот отырысында сотталушы Юрий Шумковты қалай атқанын айтып берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: