Алматыдағы Бостандық ауданының бірқатар үйлерін сумен жабдықтау бірнеше сағат ішінде қалпына келтіріледі
Сурет: Zakon.kz
Алматының Бостандық ауданындағы бірқатар үйлердің ескі магистралды су құбырының бұзылуына байланысты ажыратылған сумен жабдықтау жұмыстары бірнеше сағат ішінде қалпына келтірілетін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өткен түнде диаметрі 600 мм болатын, 50 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келе жатқан су құбыры учаскелерінің бірінде штаттан тыс жағдай туындады. Оның салдарын қазіргі уақытта «Алматы су» МКК апаттық бригадасы қажетті техниканың көмегімен шұғыл түрде жоюда.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 1972 жылы пайдалануға берілген су құбырының тозуы апаттың негізгі себебі болып табылады. Аталған қалалық сектордағы үйлердің тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. «Алматы су» МКК
Анықтама үшін телефондар: 274-66-66.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript