Талдықорғанда есепші 116 млн теңгені құмар ойынға салған
Сурет: Zakon.kz
Талдықорғандағы облыстық балалар ауруханасының есепшісі бюджет қаражатын құмар ойындарға салып отырған6 деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол қызметкерлерге тиесілі жалақы мен зейнетақы жарналары мен дәрі-дәрмекке жұмсалатын қаражатты 1 жылдан астам уақыт бойы алдымен өзіне аударып, одан кейін букмекерлік кеңсеге жіберіп тұрған.
Жетісу облыстық Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерінің тергеп-тексеру нәтижесінде 28 жастағы маман 116 млн теңгені қолды қылғаны анықталды, деп жазады qazaqstan.tv.
Қазіргі таңда аурухана қызметкерлерінің міндетті төлемдері мемлекет есебінен толық қайтарылды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр. Қылмыстық ісі сотта қаралуда. Қылмыстық іс бойынша оның жасаған әрекеті ауыр қылмыс санаттарына жатады. 7 жылдан 12 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Аслан Бидасов, Жетісу облыстық Экономикалық тергеу департаментінің тергеушісі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript