Жаңалықтар тізбегі
0

Әуежай маңындағы мырыш табыт семейліктердің есін шығарды

Семей, табыт, мырыш табыт, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2023 16:34 Сурет: видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде Семей әуежайы маңында тұрған мырыш табыттың фотолары мен бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облыстық полиция басқармасының мәліметінше, сол маңнан шынымен де мырыш анықталған, бірақ оның ішінде мәйіт болмаған.

"Тексеру барысында 2023 жылғы 8 қаңтарда денесін Көкпектіге қою үшін сол табытпен Алматыдан Семей қаласына ер адамның мәйіті жеткізілгені анықталды. Мәйітті тасымалдауға арналған табыт әуежай маңына тасталған". Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Бұл факті бойынша қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін марқұмның 32 жастағы туысқанының үстінен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Оған 20 АЕК (61 260 теңге) көлемінде айыппұл салынады.


Семей, Абай облысы, табыт, мырыш табыт, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2023 16:34

Сурет: видеодан скриншот


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: