"АрселорМиттал Теміртауда" газ құбыры опырылып құлады

"АрселорМиттал Теміртау", газ құбыры, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2023 09:06 Сурет: "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының баспасөз қызметі
"АрселорМиттал Теміртаудағы" оқиға 18 қаңтар күні таңертең болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Диаметрі 2200 мм болатын коксты газ құбыры опырылып құлады. Ұзындығы 20 метр болатын учаске бүлінді. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының мәліметінше, зардап шеккендер жоқ, оқыс жағдайдың себептері анықталып жатыр.

Желтоқсанның 22-сі күні "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына аванстық төлемдердің көлемін төмендеткені үшін 1,3 миллиард теңге айыппұл салынғаны белгілі болды.

Желтоқсанның 14-і күні Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының келісімшарттық міндеттемелері қайта қаралатынын мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: