Жаңалықтар тізбегі
0

"АрселорМиттал Теміртауда" кеншілердің қанша жалақы алатыны белгілі болды

«АрселорМиттал Теміртаудағы» кеншілердің жалақысы аталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2023 13:35 Сурет: freepik
18 тамызда өткен брифингте "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Басқару департаменті атқарушы директорының орынбасары көмір кеніші жұмысшыларының жалақысы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Компания өкілінің айтуынша, жұмысшылардың жалақысы әртүрлі жағдайларға байланысты.

"Жұмысшылар туралы шамамен айтып берейін. Бұл әр түрлі жағдайға байланысты, кен орнында кеншілер шамамен 860-880 мың теңге алады. Бұл бесінші категориядағы жұмысшылар". Сергей Огай

Оның түсіндіруінше, мұндай жалақы жоспарды орындаған кезде, сонымен қатар барлық қауіпсіздік шарттары мен өндірістік көрсеткіштерді орындаған кезде төленеді.

"Қосалқы учаскедегі үшінші разрядты жерасты кеншісінің жалақысы 500-515 мың шамасында. Бұл да барлық қауіпсіздік талаптары мен өндірістік көрсеткіштердің орындалуына байланысты". Сергей Огай

2023 жылғы 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында өрт шықты. Барлығы шахтада 227 адам болған. Оның 222-сі жер бетіне шығарылса, бесеуі жер астында қалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 277-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды . "Тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс Қарағанды ​​облысы прокуратурасының бақылауында.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: