Қарағандыда газ жарылысынан екі адам зардап шекті
Сурет: Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
21 қаңтарда кешке Қарағандыда екіқабатты тұрғын үйде газ баллоны (көлемі 5 литр) жанбастан жарылып, одан кейін бірнеше пәтердің ағаш төбесі мен қалқасы опырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Салдарынан 1970 жылы туған ер кісі мен 1971 жылы туған әйел кісіні күйік шалып, Қарағандының облыстық медицина орталығына жатқызылды.
Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің күштері (36 қызметкер мен 8 техника) жұмылдырылған.
Сурет: Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Құтқарушылар құлау қаупі бар құрылыс бөлшектерін демонтаждау бойынша жұмыс жүргізді.
Қала әкімдігі подъезд тұрғындарына жатақханадағы орындарды ұсынды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript