Астанадағы кафеде газ баллон жарылып, алты адам зардап шекті

Астанадағы кафеде газ баллон жарылып, алты адам зардап шекті, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2024 16:43 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Астанада Алматы ауданында Ақыртас көшесінің бойында екі қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған кафеде газ баллоны жарылып, кейіннен қирап, өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

60 шаршы метр аумақ қираған, ал өрт 15 шаршы метр аумақты шарпыған.

"Өрт сөндірілді. 6 адам жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

ТЖМ күштері қауіпсіз жерге көлемі 50 литр болатын 4 тұрмыстық газ баллонын шығарды.

Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері үйінділерді бұзу жұмыстарын жүргізіп жатыр.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: