Жаңалықтар тізбегі
0

АҚШ-та ит аңдаусызда мылтықтың шүріппесін басып қалып иесін мерт қылды

Мылтық, АҚШ, ит, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2023 16:39 Сурет: pixabay
АҚШ-тың Канзас штатының тұрғыны көлікте кетіп бара жатып оқ тиіп, қаза тапты. Жолда келе жатқан кезде иті көліктегі мылтықты байқаусызда басып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы жағдай демалыс күні болған.

Самнер округінің шерифі бұл оқиғаны оқыс оқиға деп атады. 30 жастағы Джозеф Смит ауылдағы жолда алдыңғы жолаушы орындығында отырғанда қаза тапты. Ал қасындағы жүргізуші зардап шеккен жоқ.

Дәрігерлер дер кезінде келгенімен, ер адамды аман алып қала алмаған.

Осыған ұқсас оқиға 2022 жылы Түркияда болған. 32 жастағы Озгур Геврекоғлының иті мылтықтың шүріппесін басып қалғанда,жігіттің асқазанына оқ тиіп, қатыс болды.

Оқиға Геврекоғлу көліктің артқы орындығында аңшылық құрал-жабдығын шығарып жатқан кезде болған. Ол да ауруханаға жетер-жетпес көз жұмды.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: