Жаңалықтар тізбегі
0

"Күн күрт жылиды". Түркістан облысында төтеншеліктер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Төтенше жағдай Сурет: Экология министрлігі
"Казгидромет" Түркістан облысында 31 қаңтар мен 3 ақпан аралығында қатты жауын-шашын болып, сынап бағаны 12 градусқа көтерілуі мүмкін екенін болжайды. Өңірлік ТЖД облыстағы су нысандарында тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырылып, жағдай бақылауда екенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандар ауа райының жылынуы облыстың таулы жоталарынан бастау алатын Арыс, Келес, Бадам, Боралдай, Ақсу, Шаян өзендерінде судың деңгейін көтеріп, ол Сырдария өзеніне құйылып, жағдайды күрделендіретінін ескертті.

"Отырар ауданы аумағындағы Сырдария өзені бойындағы қорғаныс дамбалары 10 жерінен нығайтылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда. Сонымен қатар дайындалған қаптың саны 48 мыңға жеткізіліп, инертті материалдардың қоры арттырылуда (1000 мың тн. болған). Дайындыққа келтірілген мотопомпалар саны - 144 дана". Түркістан облысы ТЖД

Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тарапынан жалпы 2 мыңнан астам жеке құрам, 424 бірлік техника, 5 қайық дайындалған.

Өңірде көктемгі су тасқынының алдын алу және төтенше жағдайға қарсы дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Су арналары тазартылып, таулы аймақтарда апаттың алдын алу бойынша жұмыстар күшейтілді.

Таулы аймақтағы аудандармен (Кентау, Түлкібас, Қазығұрт, Төлеби, Сайрам) өтетін өзен бойларында жалпы 100-ден астам су тасқыны және сел қауіпті учаскелер есепке алынған. Бұл аумақта 3 мыңнан астам тұрғыны бар 46 елдімекен орналасқан.

ТО ТЖД бастығы полковник Нұрғали Жүнісовтің баяндауынша, Сырдария өзені бойында 4 ауданның 22 елді мекені орналасқан. Соңғы аптада жалпы облыс аумағында 51 шақырым канал, 31 шақырым арық-атыздар механикалық тазартудан өткізілді. Бөген өзенінде 4,2 шақырым жаға бекіту, нығайту жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ 14 шақырым қашыртқы арналардың түбі тереңдетіліп, кеңейтілді.

"Бүгінге "Шардара" су қоймасына секундына 1531 текше келіп, қоймадан жалпы 1111 текше метр шығарылуда (Сырдария – 800, Қызылқұм – 11, Арнасай – 300) нақты көлемі 84 пайызға яғни, 4 млрд. 373 млн. текше метрге жетті. Бос қор – 16 пайыз. "Көксарай" су реттегішінің бас тоспасына секундына 800 текше метр келіп, оның 200 текше метрі "Көксарайға" қабылданып, Қызылорда облысына 600 текше метр жіберілуде. Нақты көлемі 40 пайыз – 1 млрд 198 млн текше метр. Бос қоры – 60 пайыз, – деді Жүнісов.

"Бөген", "Қосқорған", "Ырмақ-Өзен", "Майдантал" су қоймалары, Арыс, Түркістан, Қараспан магистралды каналдары және Қараспан, Орта Ақсу, Жоғарғы Ақсу су тораптарында механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: