Ирандық ерлі-зайыптылар би билегені үшін 10 жылға сотталды
Сурет: Instagram/zhatiis
21 жастағы Астия Хагиги мен 22 жастағы Мохаммад Ахмади Ирандағы наразылық акциясын қолдап би биледі, деп жазады Mirror.
Бостандыққа шыққаннан кейін жастарға екі жыл бойы Ираннан көшуге тыйым салынды. Интернетті пайдаланып, әлеуметтік желілерді жүргізуге тыйым салынды.
Оларға сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті бұзу мақсатында алдын ала сөз байласу жасады деген айып тағылып отыр.
Ерлі-зайыптылардың адвокаттары сот шешіміне шағымданбақ. Алайда сотталғандардың отбасы мен қоғам әділдікке сенбейді.
Иранның мемлекеттік жүйесіне қарсы наразылықтар мен тәртіпсіздіктер 2022 жылдың қыркүйек айының ортасында «хиджабты орынсыз киген» деген айыппен Нұсқаушы патруль ұстаған Махса Аминидің өлімі туралы хабардан кейін басталды. Желтоқсанның 8-і күні наразылық кезінде ұсталған бірінші тұтқынның өлім жазасына кесілгені белгілі болды.