Талдықорғанда жылу құбыры жарылып, 100-ден астам пәтер мен тұрғын үй жылусыз қалды
Сурет: видеодан скриншот
Талдықорған қаласындағы Желтоқсан көшесінде 2023 жылғы 2 ақпанда жылу құбыры жарылды. Апат салдарынан ондаған пәтердегі, жеке үйлер мен бюджеттік ұйымдардағы жылу өшіріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық әкімдікте "Талдықорғанжылусервис" ШЖҚ КМК-ға сілтеме жасап, Желтоқсан көшесіндегі (Медеу көшесінің жаны) Д700 құбыр жолындағы апат сағат 6:00-де болғанын нақтылады.
"Қазіргі уақытта төтенше жағдайды жою жұмыстары басталды. Алдын-ала Самал, Мүшелтой, Ғарышкер, Жастар ықшамаудандары мен қаланың орталық бөлігіндегі 67 көп пәтерлі тұрғын үй, 34 жеке тұрғын үй, 12 бюджеттік мекеме жылудан ажыратылады". Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әкімдік қазандықтар қалыпты жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript