Павлодарда жылу құбыры жарылып, 11 үй жылусыз қалды
Сурет: freepik
Бүгін Павлодар қаласының Қамзин мен Малайсары батыр көшелерінің қиылысында жылу құбыры жарылды, асфальт астынан су бұрқағы атылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Павлодарэнерго" АҚ баспасөз қызметі жылумен қамту желісі жарылғанын нақтылады.
"Ақауды жою үшін 11 жеке тұрғын үй, 3 әлеуметтік нысан және 2 денсаулық сақтау нысанында жылу беру уақытша тоқтатылды", – деп хабарлады компания өкілдері.
Кешкі сағат 17.00-ге дейін ақау салдары жойылып, жылу беріледі деп болжанып отыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript