Блогер Махамбет Әбжан 9 жылға сотталды

Сот, блогер, журналист, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2023 17:12 Сурет: Zakon.kz
3 ақпанда сот Әбжан Махамбетті кінәлі деп тауып, 9 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Махамбет Әбжанды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабының 3-бөлігімен, 194-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп таныды.

Оған тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

3 шілдеде жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде азамат Әбжан 50 миллион теңге алғаннан кейін ұсталып, Нұр-Cұлтан қаласы ПД УҰИ-ға қамауға алынды. Әбжанның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы туралы ақпарат тексеріліп жатқандығы да айтылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: