Қырғызстанның бұрынғы президенті сырттай 11,5 жылға сотталды

Қырғызстанның бұрынғы президенті түрме жазасына кесілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2025 22:19 Сурет: president.kg
Бішкектің Бірінші Май аудандық соты Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты бірқатар қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, сырттай 11,5 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС агенттігінің жазуынша, Атамбаев Чүй облысындағы Кой-Таш ауылынан заңсыз жер телімдерін алғаны, Бішкек ЖЭО-ны жаңғырту кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол бергені, сондай-ақ 7–8 тамыз күндері Кой-Таш ауылында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны үшін айыпталған.

Сот шешімімен саясаткердің мүлкі тәркіленіп, барлық мемлекеттік наградасынан айырылды.

Айта кетейік, 2023 жылы Атамбаев Сәуір революциясының 13 жылдығына байланысты пікір білдіріп, Қырғызстанның қазіргі президенті Садыр Жапаровтың билігіне қатысты ойын да айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: