"Петропавл-Алматы" бағытындағы пойыздан өрт шықты

Пойыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2023 13:01 Сурет: Zakon.kz
3 ақпанда "Петропавл-Алматы" бағытында келе жатқан пойыздан өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3 ақпанда сағат 21:57-де Қарағанды облысының Аршалы - Анар учаскесінде құрамның соңында орналасқан техникалық вагондағы өрттің салдарынан №105/106 "Петропавл - Алматы" пойызының қозғалысы тоқтатылған. Пойызда 235 жолаушы болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірілді.

Жолаушыларды ауыстыру және Алматы станциясына дейін жеткізу үшін Астанадан жеті купелі және бір плацкарттық вагоннан тұратын бір реттік пойыз жөнелтілді.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ арнайы құрылған комиссиясы болған оқиғаның себептерін тексеруге кірісті.

Стандартты вагондардан жасақталған пойызда сапарлаған жолаушыларға жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және теміржол көлігімен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларына сәйкес белгіленген тәртіппен жол жүру құнының айырмасы төленеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: