Алматыда "барахолка" базары тағы өртеніп жатыр
Сурет: видеодан алынды
Оқиға орнына 3 минутта келіп жеткен өрт сөндірушілер "Сәлем" базарында екіқабатты контейнерлердің отқа оранғанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
6 ақпанда сағат 21:09 уақытында Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары шақырту орны - Жетісу ауданы, Бөкейханов көшесі, 508а мекен-жайына аттанды. Алғашқы өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына 3 минутта келіп жетіп, "Сәлем" базарында екіқабатты контейнерлерінің отқа оранғанын анықтады.
Алдын ала ақпарат бойынша, өрт шалған алаң 120 шаршы метрді құрайды.
"Сағат 21.42-де өрт оқшауланды, оттың өзге контейнерлерге ұласпасы үшін алдын ала шаралар қабылданды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ". Алматы қаласы ТЖМ баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript


