Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайда жылу құбырларының 57% тозып тұр

Қостанайда құбырлардың тозығы жеткен, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2023 11:14 Сурет: Zakon.kz
Қостанай облысы бойынша жалпы ұзындығы 810 шақырым жылу желісінің 57 пайызы тозған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соның ішінде ең төменгі көрсеткіш Лисаков қаласында. Мұнда 112 шақырым желінің 41 пайызы жаңартуды қажет етеді.

Ал ең жоғарғы көрсеткіш Арқалық қаласында. Небәрі 35 шақырымға созылған құбырдың 90 пайызы шіріп тұр. Оны жаңартудың үш жылға межеленген жобасы бар, деп жазады qazaqstan.tv.

Жалпы былтыр облыста барлығы 19 шақырым жылу желісі қайта тартылған. Биыл осы бағытта тағы 5 жобаны жүзеге асыруға 8,6 млдр теңге бөлініпті.

Биыл қаңтар айында, республикалық бюджеттен қаржы қарастыруға 9 жоба ұсындық. Жалпы құны 17,1 млдр теңге тұрады. Бұл жобалар жүзеге асса желілердің тозу көрсеткішін 57 пайыздан 55 пайызға төмендетуге болады. Алмат Ғаппасов, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: