Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында алаяқтың арбауына түскен әйел 8 млн теңгесінен айырылды

Түркістан облысы, алаяқтық, автокөлік ұтысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2023 15:16 Сурет: Zakon.kz
Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері өткен жылы болған алаяқтық қылмысын ашып, қызылордалық күдіктілерді қолға түсірді. Олар әйелді су жаңа көлік ұттыңыз деп алдап, қомақты қаржысын қолды қылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы полиция департаменті таратқан мәлімет бойынша, полицияға арызданушы әйел 2022 жылғы шілде айында ұялы телефонына "компания қызметкерімін" деп таныстырған бейтаныс адам KIA K5 маркалы көлік ұтқанын хабарлағанын айтты. Алаяқ тұрғыннан жаңа көлікті иемдену үшін ақша сұраған. Ал алаяқтың сөзіне сенген жәбірленуші оған 8 миллион теңгеден астам ақша берген.

"Аталған жайт Ордабасы аудандық полиция бөліміне ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша тіркеуге алынды. Хабар алысымен қылмыскерлерді құрықтауда полицейлер іске кірісті. Іздестіру шараларын үздіксіз жүргізді. Нәтижесінде осы іске қатысы бар сезіктілердің жеке басы анықталды. Олар жұмыссыз Қызылорда облысының тұрғындары болып шықты"Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ведомствоның мәліметінше, күдікті жас жігіттер досының банктік есепшотын иесіне білдірмей қолданған. Алдап алған ақшаны сол есепшотқа аудартып, пайдаланған.

Қазіргі уақытта ұсталғандар қамауда.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: