Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентік әйел күйеуінің бағалы заттары мен 2 млн теңгесін ұрлап кетті

Ақша ұрлап кетті әйелі, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2022 15:19 Сурет: Zakon.kz
Оқиға 18 қазан күні сағат 16:30 шамасында болған. Күйеуінің құны қымбат алтын жүзігі, ноутбугы мен қомақты қаржысын ұрлаған әйелі заттарды сатып, содан пайда таппақ болыпты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаратау АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті жердің 39 жастағы тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, жұмыстан үйіне келген кезінде өзінің азаматтық некедегі әйелі қонақ бөлмедегі сейфтен құны 200 мың теңге тұратын алтын жүзігі мен 250 мың теңгелік ноутбугін, оған қоса 2 млн теңгесін жымқырып кеткен.

Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 2,4 млн теңгені құрап отыр6 деп жазады Polisia.kz.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тәртіп сақшылары жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктіні бір тәулік ішінде қала аумағынан қолға түсірді.

Ұсталған азаматша өз кінәсын толықтай мойындап, бұл заңсыз әрекетке баруына екеуара бас араздығы себеп болғанын жеткізді. Қазіргі кезде айғақты заттар тәркіленіп алынды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: