Қызылордада жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Төтенше оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2022 19:32 Сурет: Instagram/qyzylorda_tjd
Төтенше оқиға 1 ақпанда сағат 13:30 шамасында сол жағалауда көпірдің маңында орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қызылорда "автобус паркі" ЖШС-ға тиесілі Zhong Tong Bus автобусы бүтіндей өртеніп кетті.

Салонда 16 жолаушы болған, барлығы автобустан өз бетімен қашып шыққан. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сағат 13:49-да өрт ауыздықталып, сағат 13: 53-те толықтай сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Отты сөндіруге өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің тоғыз қызметкері мен үш техникасы жұмылдырылды. Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: