Қытайдың арнайы кедендік аймақ территориясында жарылыс болды

dw.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2021 21:10 dw.com
Оқыс оқиға Бейжің уақытымен 12:50 шамасында (ҚР уақытымен сағат: 10:50) орын алды.

14 қаңтарда Қытайдың солтүстігіндегі Тяньцзинь қаласында жарылыс болды, деп хабарлайды zakon.kz Известия басылымына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға арнайы кедендік аймақ территориясында орналасқан автокөлік бөлшектерін жеткізуші - TWC нысанында болғаны хабарланады. Алдын ала мәліметтер бойынша, бір адам қайтыс болып, жетеуі жарақат алды. Олар ауруханаға жатқызылды.

Оқыс оқиға Бейжің уақытымен 12:50 шамасында (ҚР уақытымен сағат: 10:50) орын алды.

Жарылыстың себебі мен салдары анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: