Жаңалықтар тізбегі
0

Министр Мусин Түркиядағы зілзала кезінде қайтыс болған Мирус Құрмашев жайында естелік жариялады

ҚР Цифрлық даму министрі, Түркия, жер сілкінісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2023 09:34 Сурет: Facebook/BagdatMussin
Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Facebook парақшасында Түркияда қайтыс болған Қазақстан азаматы Мирус Құрмашевпен курстас болғанын жазып, ол туралы естелігін бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр курстасы Мирус Қазақстанның IT-саласын дамытуға үлес қосқанын, дінге берік екенін жазды.

"Соңғы үміт оты сөнді. Сенгім келмейді…Соңына дейін үміттеніп едік. Алайда Мирус бауырымыздан айырылып қалдық. Мирус екеуіміз курстас болдық. Ол өте креативті еді, ауқымды дүниелер жасағысы келетін, тартымдылығының арқасында адамдарды ұйымдастыра алатын. Дінге берік адам еді. Мағжан Астана Хабты құру бойынша алғашқы қадамдарын бастағанда ол көп көмек етті, тегін, ешқандай келісімсіз. Қолынан келгенін істеп, Қазақстанның IT-саласын дамытуға үлесі мен көмегін қосты. Қазақстанда оның бірнеше бизнес бастамалары болған, 2020 жылы мемлекеттің қатысуымен бір-екі жобаны іске асырғысы келді. Бірақ, Мемлекет Басшысы мені министр етіп тағайындаған кезде ол жобалардан өз еркімен бас тартты. Арамызда түсініспеушілік тудыратын жағдайларды болдырмау үшін мен идеяларымды шет елде жүзеге асырамын", деп жазды Бағдат Мусин.

Бағдат Мусиннің жазуынша, Мирболат Құрмашев жиһанкез болған, біраз жерді аралаған, бірақ тұрақтап қалу үшін Түркияны таңдап, соңғы екі жыл негізінен сол жақта тұрып жатқан.

"Президенттің Анкараға ресми сапарының алдындағы қазақстандық IT-мамандарының сол жаққа барғанын бәріңіз білетін шығарсыздар. Біз сол кезде оларды Стамбулдың бірнеше ірі IT-компаниясына апарған едік. Мирус осы іс-шараның негізгі ұйымдастырушысы болды. Біз оған Астана Хабтың өкілі болуды ұсындық, өйткені екі мемлекеттің хабтары мен мамандарын жақындастыратын адамның болуы маңызды еді. Студенттік кезден де біраз жақсы естеліктер бар, жақын араласқан жолдастары оларды айтып жатар деп ойлаймын. Иманды болсын! Жаның жәннаттан орын тапсын бауырым".  Бағдат Мусин

10 ақпанға қараған түні Антакияда үйінді астынан Мирболат Құрмашевтің денесі табылды.

Айта кетейік, Мирболат Құрмашев Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті болған. Жер сілкінісі кезінде ол әріптестері Әділ Қадырбеков, Сабина Мамадьярова және Құбылай Кескинмен бірге Хатай провинциясында болған. Жер сілкінісінен кейін олармен байланыс үзілді.

8 ақпан күні Сабина Мамадьярова үйінді астынан аман табылып, шығарылды.

10 ақпан күні қиранды ішінен тағы бір жерлесіміз Әділ Қадырбековтің өлі денесі табылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: