Алматыда 15 см қар жауды
Барлығы 462 техника мен 340-қа жуық жұмысшы қала көшелеріндегі қарды шығаруда. Олар түн ортасынан кейін жұмысқа кірісті. Ал түнгі сағат үштен бастап жол полициясының п
Көктайғақтың алдын алу үшін жолдарға мұзға қарсы материалдар себіледі. Таңғы сағат алтыда 2380 тонна пайдаланылды. Патрульдік көліктерінің сүйемелдеуімен қарды тазалау үшін 19 колонна ұйымдастырылды.
Жаяу жүргіншілер жолын, жалпы пайдалану орындарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жол өткелдерін тазалау жұмыстары жүргізілуде. Түнгі уақытта 462 бірлік арнайы техника мен 339 жол жұмысшысы жұмылдырылған.
Таңғы сағат 8-ден бастап қала жолдарында 524 бірлік техниктер мен 1115 жол жұмысшылары жұмыс істеп жатыр.
Аудан әкімдіктерінде қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.
"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша 10 ақпанда күндіз ауа температурасы -1...-3 градус аяз болады, жауын-шашын болмайды, кешке қарай аз көлемде қар жаууы мүмкін.
Жүргізушілерді жылдамдықты азайтып, көліктер арасындағы қашықтықты арттырып, кенеттен маневр жасаудан аулақ болуға шақырамыз.
Бұрын хабарланғандай, Алматыда жауған қар 9 ақпан күні сағат 21:00 шамасында басталып, 10 ақпан күні сағат 04:30-да аяқталды. Қалада 15 см, таулы аймақтарда 20 см қар түсті.