Елордада әйеліне қол көтерген қызғаншақ күйеу қамауға алынды
![Әйелін ұрған бұзақы қамауға алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2023 14:39](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-dc3f15ca-8274-41fc-9b89-fb96fd963396/800x450.webp)
Бұл отбасында болған жанжалдың бірінші оқиғасы емес.
Құқық бұзушыға әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған ұрып-соғу үшін ҚР ӘҚБтК 73-2-бабы 2-бөлігі (Ұрып-соғу), 461-бабы (Қорғау нұсқамасын бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Елордалық полиция департаментінің қызметкерлері қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту мақсатында “қоғамдық қауіпсіздік” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізетінін еске саламыз.
Оның шеңберінде полицейлер тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды, сондай-ақ тұрмысы нашар отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексеру бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізеді.