Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда алаяқ “мемлекеттік бағдарлама” бойынша пәтерлерді уәде еткен

Адамдарды алдаған алаяқ ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2023 13:43 Сурет: ҚР ІІМ
“Қолжетімді баспананы” жүзеге асыруды 31 жастағы азамат ұйымдастырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оны Наурызбай ауданының полиция қызметкерлері ұстады.


"31 жастағы Б. есімді азамат, ақша табудың жоспарын ойлап тапқан. Ол мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтерлерді сату туралы ақпарат таратқан. Алдын ала төлем сомасы қолжетімді болған – 50-ден 300 мың теңгеге дейін. Ал, тиісінше, қымбат емес баспананы алғысы келетіндер де жеткілікті болған. Бірақ ақшаны алғаннан кейін іскер азамат байланысқа шығуды тоқтатқан. Біздің бөлімшенің криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады және ұстады. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында ұсталған азаматтың осыған ұқсас 10 эпизодқа қатыстылығы анықталды". Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы.

Тергеу барысында күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алданған адамдар одан да көп болуы мүмкін. Осы орайда азаматтарды осы адамның суретіне мұқият қарап, оны таныған жағдайда мына телефондар арқылы хабарласуға шақырамыз: 8-707-447-07-50; 8-701-707-77-10; 8-747-699-70-02, – деді, М.Сейсенұлы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: