Алматыда ер адам көпірден секірмек болды

Көпірден секірмек болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2023 13:16 Сурет: ҚР ІІМ
Жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонының қызметкері Мерей Сәрсебек, кешкі сағат 19:00 шамасында қызметтік міндетін атқару барысында Райымбек даңғылы мен Сүйінбай көшесі қиылысындағы автомобиль көпірінің қоршауынан асып тұрған ер адамды байқаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мен жақын жерде қызмет етіп жүрдім. Ер адамды көрдім, оған жәймендеп жақындап, әңгімелесе бастадым. Ер адам 31 жаста, ол Жамбыл облысынан келген. Біз бірнеше минут сөйлестік, осы уақыт ішінде оны бұл әрекетінен бас тартуға көндірдім. Нәтижесінде ер адам аман қалды, отбасылық қиыншылықтардан күйзеліске ұшыраған", – деді Мерей Сәрсебек.

Өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің мән-жайы мен себептері іс жүргізу барысында анықталатын болады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: