Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында бүтін бір ауыл халқы қалаға қатынай алмай отыр

Ауыл халқы қалағажете алмай отыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2023 14:59 Сурет: Zakon.kz
40 мыңнан астам тұрғын қатынап жүрген автобустың аяқ астынан бағыты қысқарып қалған. Сөйтіп елдімекенге кіретін жалғыз қоғамдық көлік көпшілікті қаланың кіреберісіне дейін ғана таситын болыпты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жұрт, автобустың санын көбейтудің орнына қысқартып жатқан билік өкілдерінің бұл ісін құптамайды. Ал, атқамінерлердің халық үніне құлақ асар түрі жоқ, деп жазады Информбюро арнасы. 

Ауылға кіретін жалғыз автобустың жүрісін аңдыған тұрғындар қоғамдық көліктің бағытын өзгертуге түбегейлі қарсы. Өйткені бұған дейін Саяхат автобекетіне дейін жеткізетін автобустың енді қаланың кіреберісіндегі Қалқаман ықшам ауданына дейін баратыны халыққа тиімсіз дейді. Осының кесірінен қалаға қатынауымыз қиындады дейді. Күнделікті шығын көбейіп, жететін жерімізге кешігетін болдық деп отыр.

Райымбек ауылының тұрғыны Серік мықтыбаевтың сөзінше, 23 автобус Райымбек, Қырғауылды, Абай ауылдарынан өтетін жалғыз маршрут болған.

Сонымен бірге тұрғындар аялдамаларда автобустарды да тағатсыз күтуге мәжбүр. Күнделікті 4-5 қана қоғамдық көлік шығады дейді. Бірнеше елдімекенді басып өткендіктен кейде орын тапшылығы да байқалады деп отыр және көпшілігі такси ұстап кетуге мәжбүр.

"Қазір біз таксимен қатынап жүрміз. 150 теңгемен. 150 теңгемен алып келеміз, үйімізге 150 теңгемен келеміз. Түсте тағы келеміз мектептен алып кетеміз. Ойлаңызшы күніне 600 теңге." Халима Оразалиева, Райымбек ауылының тұрғыны.

Ал қарашаның күйттеген мәселесіне жауап беру үшін Автопарк басшысы көпшілік жиналған жерге келді. Ол әзірге ешқандай автобусты қоспайтынын айтып, қалалық әкімдіктен бағыт бойынша талаптар қойылғанын жеткізді.

"Саяхатқа дейінгі мәселе магистральға жаңа маршрут күзде ашқан 40 автобус жүріп жатыр. Олар жүріп жатқан соң оптимизация деп бізді қысқартып жатыр. Бізге ауылдың адамдарын шығарып беріңдер, Алтын орда, Қалқаманға дейін деп. Сол үшін ол маршрутты өзгертті олар. Бізге сондай схема берді." Қазыбек Жарасбаев, автопарк басшысы.

Ал 47 мыңнан астам тұрғыны бар Райымбек ауылдық округінің халқы қоғамдық көліктің жетіспеушілігінен қалаға қатынау үлкен уайым болды дейді. Жиналғандар 23 автобус бұрынғы бағыты бойынша жүрісін жалғастырса деп отыр. Ал оның нақты қалай шешілетіні енді болашақтың еншісінде. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: