Алматыда журналиске шабуыл жасалды
Сурет: Facebook/Данияр Молдабеков
22 ақпан күні Алматыда журналист Данияр Молдабековке үйінің кіреберісінде медициналық бетперде киген белгісіз біреулер шабуыл жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болған оқиғаны журналист Facebook парақшасында жариялады. Көп ұзамай полиция түсініктеме берді.
"Оқиға туралы хабарлама 102 пультіне 22 ақпан күні сағат 10:37-де түсті. Факт Алмалы аудандық полиция бөліміне тіркелді". Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Полицейлер объективті мән-жайлар анықталып жатқанын атап өтті.
2022 жылғы қыркүйектен бастап биылғы 20 ақпанға дейін Алматы және Астана қалаларында 6 журналист пен блогерге, сондай-ақ бір адамға қатысты олардың қызметімен байланысты бірқатар заңға қайшы әрекеттер жасаған 18 адам ұсталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript