Ақтөбе облысында тас жолда 11 көлік бір-біріне соғылды
Сурет: Zakon.kz
23 ақпанда Самара – Шымкент тас жолының Маржанбұлақ ауылының тұсында 11 көлік соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz .
Облыстық полиция таратқан мәліметке сүйенсек, жол-көлік оқиғасына жолдың дұрыс көрінбеуі себеп болған.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Ақтөбе облысының полицейлері жол қозғалысына қатысушыларды жылдамдық, қауіпсіз қашықтық және маневр жасау ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Көктайғақ кезде кенеттен маневр жасап, көлікті кілт тоқтатуға болмайды. Жаяу жүргіншілер жолды кесіп өткен кезде көлік жоқ екеніне көз жеткізуі керек.
Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі қазір Ақтөбе облысындағы барлық тас жол жабық тұрғанын мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript