Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетел азаматтары ұсталғанын хабарлады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті, шетел азаматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2023 10:12 Сурет: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі
ҚР ҰҚК Шекара қызметі шетел азаматтарының жалған құжаттарды пайдалану деректерін анықтауды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство өкілдері 2023 жылғы 22 ақпанда Алматы қаласының халықаралық әуежайында және Павлодар облысы "Шарбақты" өткізу пунктінде Тәжікстан Республикасының 6 азаматы ұсталғанын мәлімдеді.

"Төлқұжаттық бақылауды іске асыру барысында аталған азаматтардан ҚР аумағында уақытша болуға рұқсат беру туралы жалған анықтамалар және Шекара қызметінің шекарадан өтті деген жалған мөр басылған төлқұжаттары анықталды".ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Қазір ұсталған азаматтар тергеліп жатыр.

11 ақпан күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі Қазақстан мен өзге елдің азаматтығын алған 54 адамды анықтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: