Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысының прокуратурасы «КОСПАЕВ» ҰҚТ мүшелерінің Қазақстаннан қалай кеткенін айтты

ҰҚТ мүшелері ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2023 12:51 Сурет: ҚР ІІМ
24 ақпанда Жамбыл облысының прокуратурасы Zakon.kz сайтына «Қоспаев» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелерін мемлекеттік шекарадан заңсыз өткізген жергілікті тұрғынның ұсталғаны туралы хабарлады.

Айта кетейік, «Коспаев» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері Шалин, Имашев және Қоспаев ҚК-тің 249 (рейдерлік) және 262-баптарымен (ұйымдасқан қылмыстық топ құру және қатысу) жасаған қылмыстары үшін Қаржылық мониторинг агенттігімен халықаралық іздеу жарияланған.

Қолда бар мәліметтерге сәйкес көрсетілген тұлғалар Жамбыл облысының аумағында орналасқан мемлекеттік шекара арқылы елімізден шығып кеткен.

10.11.2022 жылы Қордай аудандық полиция бөлімімен ҚК-тің 394-бабы 2-бөлігімен (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) қылмыстық іс тіркелген.

11.11.2022 жылы Қордай ауданының прокуроры Бірлік Ізбасаровтың қаулысымен полиция және шекара басқармасының тәжірибелі қызметкерлерінен мекемеаралық топ құрылған.


"Прокуратурамен жүргізілген үйлестіру жұмыстарының нәтижесінде, жоғарыда көрсетілген тұлғаларды, 06.08.2022 жылы Сортөбе ауылының маңында брод арқылы мемлекеттік шекарадан өткізуді ұйымдастырған жергілікті тұрғын анықталып, құрықталды." Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Күдікті кінәсін толық мойындады, сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жалғастырылуда және прокуратураның бақылауында.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: