Жаңалықтар тізбегі
0

"Қазавиаспас" тікұшағының апаты: Себебі әлі де анықталып жатыр

"Қазавиаспас" тікұшағының апаты, себебі әлі де анықталып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2023 13:30 Сурет: primeminister.kz
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин "Қазавиаспас" тікұшақ апаты туралы БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің сөзінше, қазір комиссия жұмысын жалғастырып жатыр.

"Сондықтан комиссия тікұшақ апаты мен қызметкерлеріміздің өліміне қатысты өз үкімін шығармайынша, мен әзірше түсініктеме бере алмаймын. Әрине, біз де осы апатқа қатысты ішкі қызметтік тергеу жүргізіп жатырмыз. Бір айтарым, алдын ала қорытынды бойынша тікұшақ техникалық тұрғыдан дұрыс болған. Бұл ұшуды орындаған экипаж кәсіби болды. Ұшқышта 2600 сағаттан астам ұшу уақыты болды. Екінші ұшқыштың шамамен 4000 сағаты бар және олардың кәсіби деңгейіне күмәндануға негіз жоқ. Сондықтан комиссияның қорытындысы қандай болса, өлімнің де, төтенше жағдайдың да себептері туралы тиісті қорытындылар болады", - деді Төтенше жағдайлар министрі.

Журналистер "Тікұшақты телефон сигналы арқылы тапқан деген ақпарат бар, бұл рас па?" деп сұрады.  

"Борттағы датчик жұмыс істемеді, себебі маяк деп аталатын бөлік ұшақтың құйрық бөлігінде орналасқан. Әдетте, әуе кемесі жерге соғылған кезде артқы бөлігі зақымданады. Ал бұл жағдайда олай болмады. Сондықтан біз әуе кемесінің бортында қосымша орнатылған трекерлердің жұмысы мен Орал әуежайындағы кезекші диспетчердің ақпаратына тоқталдық. Тиісінше, кейінірек олар хабарласа бастағанда, көп адам, оның ішінде әріптестеріңіз де, бұл қатты қону емес, апат болды деп таңғалды. Неліктен біз бұл ақпаратты бірінші кезекте бердік? Біз инженер-қызметкермен байланысқанда ол тікұшақтың қатты қонғанын хабарлады. Осыған байланысты "Қазавиаспас" бөлімшесінің тікұшағы қатты қонды" деген ақпарат берілді".Юрий Ильин

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: