Ақтөбе облысындағы жалған ЖШС мемлекетке 164 миллион теңге шығын келтірген

Ақтөбе облысындағы жалған ЖШС мемлекетке 164 миллион теңге шығын келтірген, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2023 11:00 Сурет: Zakon.kz
Қаржы мониторингі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жұмысты нақты орындамай, қызмет көрсетпей және тауарларды жөнелтпей ЖШС атынан шот-фактураларды беру фактісі бойынша сотқа дейінгі өндірісті тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің қорытындысына сай контрагент-сатып алушының бюджетке төлейтін шығыны 164 миллион теңгеден асқан.

"Тергеу барысында ЖШС тіркеу орнында жоқ екені, ал басшысы белгілі Авдонин Ю екені анықталды".ҚМА баспасөз қызметі

Авдонин серіктестіктің қаржылық-шаруашылық қызметіне еш қатысы жоқ деп түсіндірді.

Сот шешімімен ЖШС-нің мемлекеттік тіркеуі жарамсыз деп танылды. Қазір тергеу амалы жүргізіліп жатыр.



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: