Түркістан облысында жаяу жүргіншіден марихуана тәркіленді

Марихуанамен қылмыскер ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2023 11:11 Сурет: Zakon.kz
Созақ ауданының учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген аймақта күнделікті бақылау жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осындай кезекті тексеру кезінде учаскелік полиция инспекторы Ж.Нағи көше бойында жүрісі күдік тудырған азаматты байқайды.

Содан созақтық полицей тексеру барысында, орта жастағы ер адамның күртешесінің қалтасынан ақ түсті қағазға оралған есірткіге ұқсас затты анықтады.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабымен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркеді. Жаяу жүргіншіден тәркіленген зат сараптамаға жолданды.

Тәркіленген зат 2 грамға жуық марихуана болып шықты. Қазіргі таңда күдікті ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: