Қазақстандағы криминогендік жағдай: бір тәулікте 1849 қылмыс ашылған
Сурет: Zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрлігі бір аптадағы елдің криминогендік жағдайына тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
3000 қылмыстың 1849-ы тәулік ішінде ашылған.
"Бір апта ішінде 3000 қылмыс жасалды. Оның 1849-ы тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 7 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 31 тонау және 435 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты", - деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігі.
Бұған дейін ІІМ елімізде бір аптада көші-қон заңнамасын бұзған 9 213 жағдай тіркелгенін хабарлаған еді. Оның ішінде 5 113-і шетелдіктердің елде болу мерзімін бұзуымен байланысты.
Елімізде шетелдіктердің аңсыз еңбек қызметіне қатысты 3 мыңға жуық (2 741) факті анықталды, 471 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мысалы, Алматы және Атырау қалаларының құрылыс нысандарында заңсыз жұмыс істеген 145 шетелдік анықталды. Осыған ұқсас фактілер Астана, Шымкент, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript