Жаңалықтар тізбегі
0

Марат Ахметжанов мектептердегі бейнебақылау Жедел басқару орталықтарына қосылмағанын айтты

Марат Ахметжанов мектептердегі бейнебақылау Жедел басқару орталықтарына қосылмағанын айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2023 11:03 Сурет: Zakon.kz
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, білім беру ұйымдарында тексеріс жүргізіп жатқанын айтты. Тексерісті мектептерден бастаған, себебі елдегі барлық мекеменің 60%-ы – мектептер, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ішкі істер министрінің мәліметінше, қазір 80 мыңнан астам тұрғыны бар ірі қалалардағы мектептер дабыл түймелерімен (93%), турникеттермен (73%) және бейнебақылау камераларымен (100%) жабдықталған.

"Дегенмен Жедел басқару орталықтарына бейнекамераның тек 62%-ы ғана шығарылған (немесе 2 санаттағы 6936 нысанның 4360-ы). Кейбір облыстарда жағдай одан да нашар", - деді Марат Ахметжанов.

ІІМ-нің ақпаратынша, мысалы Батыс Қазақстан облысында бейнебақылаудың 24%-ы (373-тен 91); Алматы облысында 35%-ы (немесе 425 мектептің 152-і), Ақтөбе облысында 41%-ы (немесе 404-тен 169-зы) ғана Жедел басқару орталықтарына қосылған.

"Бұл өңірлерде халықпен кездесу барысында жалпы осы мәселені әкімдіктер алдында көтердім. Бұл мәселеде жүйелік проблема да бар. Бірқатар білім беру ұйымдары мен байланыс каналдары компаниялары арасында тіпті келісімшарт жасалмаған. Мемлекеттік сатып алу процедуралары "қағазбастылыққа" салынған. Салдарынан бейнебақылау жүйелері Жедел басқару орталықтарына қолжетімсіз", - деді Ішкі істерн министрі Марат Ахметжанов.

Мысалы, Петропавл қаласында 15 мектепте (42 мектептен) тиісті шарттар тек ақпанның соңында ғана жасалған. Оның ішінде, жуырда төтенше жағдай орын алған №4 мектеп те бар (13 ақпанда). Солтүстік Қазақстан облысында 201 мектеп бойынша мемлекеттік сатып алу мәселесі әлі күнге дейін аяқталмаған. Маңғыстауда – 154. Ақтөбеде – 107. Абай облысында – 19.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: