Кіші Алматы өзені бассейнінде тағы да қар көшкіні жүрді

Қар көшкіні, Кіші Алматы, "Қазселденқорғау" ММ, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2023 14:37 Сурет: pixabay
ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі 7 наурыз күні Кіші Алматы өзені бассейнінде тағы да қар көшкіні жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мекеме өкілдерінің хабарлауынша, көлемі шамамен 250м3 болатын №7 "Қарақаптал" көшкін жинағышында өздігінен қар көшкіні түскен.

"Түскен қар массалары тау беткейінде тоқтады. Зардап шеккендер жоқ", – делінген хабарламада.

Алынған ақпарат ескерту және өзара әрекеттесу сұлбасына сәйкес берілді.

6 наурыз күні таңертең Алматы тауларында қар көшкіні жүріп, көшкін Медеу – Шымбұлақ тас жолының бір бөлігін жартылай жауып қалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: