Жаңалықтар тізбегі
0

Лаура Рыспаева - Маңғыстау облысы бойынша жалғыз әйел әкім

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.03.2023 12:35 Сурет: inform.kz
Маңғыстау облысының бес ауданында 57 ауылдық округ бар. Соның ішінде тек Маңғыстау ауданында орналасқан Шебір ауылдық округін әйел басқарады. Лаура Рыспаева 3 жылдан бері әкім қызметін атқарып келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, Ол өзі басқаратын Шебір ауылының тумасы. Жоғары оқу орнын бітірген соң туған ауылына оралған. Еңбек жолын алдымен Тұщықұдық село әкімі аппаратында, одан соң Шебір ауылы әкімінің аппаратында қарапайым маман ретінде бастап, қызмет сатысымен өрлеген. Уақыт өте Лаура Шебір ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып, ал 2020 жылдың сәуір айында Шебір ауылдық округі әкімі қызметіне тағайындалған. 

"Мемлекеттік қызмет әйел адам үшін ауыртпалығы мол сала деуге болады. Десек те жауапкершілігі зор лауазымды атқарып отырған соң өзіме артылған сенімді ақтауға тырысамын. Сондықтан да, ауыл мен елдің жайын бақылауда ұстап, тұрғындармен жиі кездесемін. Өзім осы жерде туып, өскеннен кейін ауыл азаматтарымен бірлесіп, кеңесіп, қызмет етіп жатырмын". Лаура Рыспаева

Тұрғындардың айтуынша, Лаура Рыспаева әкім болған үш жылға жуық уақыт ішінде бірқатар мәселе шешілген. Мектеп, балабақша және амбулатория жөндеуден өткен. Осы жылдың соңында мәдениет үйін жөндеу жұмыстары жоспарланған. Қазір жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып жатыр. Сонымен бірге ауыл ішіндегі жолдарға 3,8 шақырым асфальт төселген. Биыл тағы 1,8 шақырым жол төсеу жоспарланған. Ауылдық округ тұрғындарында 3G және 4G интернет бар.

Лаура Рыспаева басқаратын Шебір ауылына биыл 50 жыл толады. Аудан орталығы - Шетпе ауылынан солтүстікке қарай 73 шақырым жерде, Қызылқұм құмды алқабынан шығысқа қарай шөлді белдеуде орналасқан ауылда бүгінде 1 352 адам тұрады. Мұнда ауылдан шыққан жастар "Дипломмен ауылға" жобасы бойынша, туған өлкесіне қайта оралып, жұмыс істейді.

Биыл ауыл әкімі Лаура Рыспаева жалпы абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, округ ауылдарындағы жолдарды жөндеу жұмыстарын жалғастыруды көздеп отыр. Жалғызбасты қарттарға, мүгедектерге, көпбалалы отбасыларға және басқаларға көмек көрсету бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асыру жоспарланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: