БҚО-да қызыл су алған тас жол тазартылып, көлік қозғалысы қайта жанданды
Сурет: Telegram/qazavtojol
БҚО-да жол қызметкерлері "Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы" тас жолының 11 шақырымын басып қалған еріген қар суын бұрып, өзге де жедел іс-шараларды атқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жергілікті жол қызметтері қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылған "Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы" тас жолының 11 шақырымында (Пойма елдімекенінің маңы) еріген қар суын бұру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта жолды су басу қаупі толығымен жойылды, көліктердің қозғалысы штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр". "Қазавтожол" ММ баспасөз қызметі
Сонымен қатар, жол қызметтері жол жиегін нығайту жұмыстарын екі мәрте жүргізді.
"Барлығы 200 инертті материалы бар қап қолданылды. Жұмысқа 5 бірлік арнайы техника мен 10 жолшы маман жұмылдырылды. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдар ашық, су басқан жолдар тіркелмеді", делінген хабарламада.
"Қазавтожол" ММ су басу қаупі бар республикалық жолдар тәулік бойы бақылауда екенін де нақтылайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript