Шымкентте көлікті тест-драйв кезінде ұрлап кеткен

Шымкентте көлікті тест-драйв кезінде ұрлап кеткен, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2023 13:19 Сурет: Zakon.kz
Шымкентте көлікті сату алдындағы техникалық жағдайын тексеру кезінде ұрлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar.kz мәліметінше, желіде ер адам өзінің ВАЗ-2114 автокөлігін сататынын хабарлаған. Хабарландыруға жас жігіт жауап берген. Сатып алушы досымен кездесуге келіп, көліктің техникалық жағдайын тексеру үшін рульге отыруды сұраған. Тест-драйв кезінде екі жігіт белгісіз бағытқа қашып кеткен.
Жәбірленуші полицияға арызданған.
Полицейлер қылмыскерлерді анықтап, қамауға алды. Олар Түркістан облысының 21 жастағы тұрғындары болып шықты.
ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: